Семейде қоғамдық екі әжетхана құны 18 млн теңгеге бағаланды

0
829

Шаһар басшылығы оларды адам көп жүретін қоғамдық орындарға қоймақшы.


Семейде қоғамдық екі әжетхана құны 18 млн теңгеге бағаланды

ERNUR.KZ. Семейдің көшелерінде жалпы құны 18 млн теңге болатын екі әжетхана пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһар басшылығы оларды адам көп жүретін қоғамдық орындарға қоймақшы. Заманауи үлгідегі дәретханалар салынған жағдайда оларды қолдану ақылы болады. Алайда бағасы әзірге белгісіз. Жауапты мамандар бұл нысандарда жылу жүйесі болатынын айтып отыр. Яғни қысы-жазы қолданысқа жарамды. Айта кету керек, қала аумағында әзірге бір ғана тегін әжетхана бар. Оның өзі Ертіс өзенінің жағасында тұр.

- Бұл жобалар жуық арада павильон түрінде жүзеге асуы мүмкін. Мұнда дәретхана және қызметшілерге арналған екі есік болады. Әжетханалардың оң және сол бөлігі мүмкіндігі шектеулі тұрғындар үшін арнайы сантехникамен жарақтанған, - дейді қалалық ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Асан Дүйсембаев.