Семейде оқушы сыныптасын өлімнен аман алып қалды

0
710

Оқиға орнына жеткен патруль полициясы батальоны Ертіс өзеніне батып кете жаздаған оқушыны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.


Семейде оқушы сыныптасын өлімнен аман алып қалды

ERNUR.KZ. Семейде оқушы Ертіс өзеніне батып бара жатқан сыныптасын құтқарды, деп жазады inbusiness.kz.

Биыл 1 мамырда Әуезов аудандық полиция бөліміне қала тұрғыны хабарласып, Шағала ауданы маңында кәмелеттік жасқа толмаған баланың суға кеткенін хабарлаған.

Алайда бала өлімнен аман қалған. Суға батқан оқушыны оның сыныптасы, №11 орта мектептің жетінші сынып оқушысы Руслан Омаров құтқарып қалған. Ол досына алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Оқиға орнына жеткен патруль полициясы батальоны Ертіс өзеніне батып кете жаздаған оқушыны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.