Семейде тойға бара жатқан адамдар жол апатына түсті – видео

0
450

​Облыстық полиция депаратменті оқиғаның Шәкәрім даңғылында болғанын растады.


Семейде тойға бара жатқан адамдар жол апатына түсті – видео

ERNUR.KZ. Семей қаласында тойға бара жатқан қонақтар жол апатына түсті. Желіде осы оқиғаның видеосы тарады, деп жазады sputnik.kz.

Видеода үш көліктің соқтығысқаны анық көрінеді. Қара түсті Lada мен Toyota қатты зақымданған. Арғы жағында "той" деген естіледі. Костюм киген Toyota көлігінің жас жүргізушісі жарақат алған, қолы қанап кетті. Жол апаты Шәкәрім көшесінде болды деп жазылған.

Облыстық полиция депаратменті оқиғаның Шәкәрім даңғылында болғанын растады. Жол апаты 19 маусымда сағат 13:20-да болған. Lada көлігінің 63 жастағы жүргізушісі тұраққы бұрыламын дегенде қарсы жолақпен келе жатқан Toyota көлігін көрмей қалған. Соқының қатты болғаны сонша, Toyota инерциямен жолдың жиегінде тұрған тағы бір Toyota Camry-ге соғылды.
"Қазіргі кезде жол апатының мән-жайы анықталып жатыр. Соның нәтижесінде тисті процессуалдық шаралар қабылданады", - дейді полицейлер.
Полиция көлік жүргізушілерін жол жүру ережелерін қатаң сақтауға үндеді.