Семейде трансформатор өртеніп кетті

0
731

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.


Семейде трансформатор өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Семей қаласының орталығында трансформатордан өрт шықты, деп жазады sputnik.kz.

12 шілдеде сағат 11.00 шамасында Уәлиханов көшесіндегі трансформатор жанған. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері дереу жетті.
"Трансформаторлық қосалқы станцияда қысқа тұйықталу салдарынан өрт шыққан. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - дейді ведомство.
Мамандар өрт электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаннан шықты деп болжап отыр.