​Семейде жоғалып кеткен екі баланың анасы Одессадан табылды

0
419

Әйелдің қандай себеппен жақындарын тастап, Қазақстаннан кеткені белгісіз.


​Семейде жоғалып кеткен екі баланың анасы Одессадан табылды

ERNUR.KZ. Жоғалды деген 29 жастағы Елена Свиридова дін аман табылды, деп жазады Baq.kz.

«Маған оның жұбайы телефон соғып, Еленаның табылғанын хабарлады. Белгілі болғандай ол Қазақстаннан өз еркімен кетіп, қазір Украинаның Одесса қаласында жүр екен», - дейді "Rina.KZ Семей" ұйымының еріктісі Евгения Павел.

Әйелдің қандай себеппен жақындарын тастап, Қазақстаннан кеткені белгісіз.

«Әйеліңің артынан барасың ба?» деген сұраққа күйеуі балаларына қарауы керектігін айтып, «жоқ» деп жауап қатқан.

Жоғалған ананың жұбайы еріктілерге алғысын білдіріп, баршаны жақындары мен туысқандарына қамқор болуға шақырды. Елены Свиридованың Семейде екі кішкентай баласы қалды.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет