Семейде зират өртенді

0
1 704

Өрттің шығуына отты абайсыз қолдану немесе арнайы өртеу себеп болуы мүмкін деген болжам бар.


Семейде зират өртенді

ERNUR.KZ.Семейде өрт сөндірушілер зираттағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ШҚО ТЖД-ға сілтеме жасап.

Семейдегі өрт сөндірушілер Жангелдин көшесіндегі ескі зираттағы өртті сөндірді. Өрт сөндірушілер айтқандай, оқиға орнына екі техника бірлігі барды.

«Православты ескі зират маңындағы шөп, зираттар мен ағаштар өртенді. Өрттің жалпы көлемі 150 шаршы метр», - делінген хабарламада.

Өрттің шығуына отты абайсыз қолдану немесе арнайы өртеу себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Кінәлі адам іздестіріп, шығын есептелуде.