Семейдегі Абай театрында өрт шықты

0
558

Оттың шығуына дәнекерлеу жұмыстары барысындағы өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы себеп болған.


Семейдегі Абай театрында өрт шықты

ERNUR.KZ. Семей қаласындағы Абай театрында өрт шықты, деп хабарлайды Хабар24.

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, мәдениет ордасындағы өрт 19 тамыз күні сағат 9.00 шамасында шыққан.

Анықталғандай, оттың шығуына дәнекерлеу жұмыстары барысындағы өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы себеп болған.


«Қызыл жалын қабаттар арасындағы терезе ойығын шарпыды. Өрттің жалпы ауданы 10 шаршы метрді құраған. Қазіргі уақытта келтірілген шығын мөлшері анықталуда», – деп хабарлады ведомство өкілдері.Тілсіз жау сағат 09: 36-да сөндірілді.