Семейдің көшелерін су басып жатыр

0
1 068

Тұрғындар, әсіресе, мектеп пен балабақшалардың ауласы мен маңында су сору жұмыстарын жүргізуді сұрап отыр.


Семейдің көшелерін су басып жатыр

ERNUR.KZ. Өткен аптада ауа райынының күрт жылынуы қар мен мұздың еруіне әкеліп соқты. Нәтижесінде көшелерлі су басып, жер батпаққа айналуда, деп жазады Алтайньюс.

Семей қаласында бұл жыл сайын қайталанатын мәселе. Тұрғындар көшелерде аяқ алып жүру мүмкін емес екенін айтып, әлеуметтік желілерде фотосуреттермен бөлісіп жатыр. Олардың айтуынша, адамды қойып, көліктердің өзі мына судан өте алмауда екен. Машиналар жолдардағы су толған шұңқырларға түсіп кетіп, өшіп қалады екен. Тұрғындар, әсіресе, мектеп пен балабақшалардың ауласы мен маңында су сору жұмыстарын жүргізуді сұрайды.

Фотосуреттерде: Қабылбаев көшесіндегі лицейдің жанындағы жаяу жүргіншілер өтпесі, Құтжанов көшесіндегі «Айым» балабақшасының маңы, су мен қоқысқа толған жаңа «Дәстенов» аялдамасы.