Семейде соғыс ардагерлері жарты миллион теңгеден алды

0
1 688

​Жеңіс күні мерекесіне орай Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов соғыс ардагерлерін үйлеріне барып құттықтап, 500 мың теңгенің сертификаттарын табыстады.


Семейде соғыс ардагерлері жарты миллион теңгеден алды

Жеңіс күні мерекесіне орай Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов соғыс ардагерлерін үйлеріне барып құттықтап, 500 мың теңгенің сертификаттарын табыстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Қала басшысы 4 ардагерді құттықтады. Солардың бірі Атамбай Оразбаев. 95 жастағы майдангермен әңгімелесу барысында әкім бейбіт өмір сыйлаған ардагерлердің ерлігі мен еңбегі ешқашан ұмытылмайтынын айтты. «Қан майданда жеңіске жетуге сіздердің қосқан үлестеріңіз зор. Сіздердің көрсеткен ерліктеріңіздің арқасында біз, бүгінгі ұрпақ бейбіт күн кешіп жатыр», - деді әкім.