Сенат төрағасы жаңа пән енгізуді ұсынды

0
1 993

Мемлекет басшысының жаңғыру бағдарын кешенді әрі жүйелі жүргізу үшін идеологиялық құндылықтарды дұрыс дәріптеу аса маңызды, дейді Мәулен Әшімбаев.


Сенат төрағасы жаңа пән енгізуді ұсынды

ERNUR.KZ. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев білім беру мекемелерінде ұлттық құндылықтарды дәріптейтін пән енгізуді ұсынды, деп жазады inbusiness.kz.

Оның пікірінше, көшпенді тұрмыс кешкен қазақ халқын еңбек шыңдаған.

«Ерінбей еңбек ету жаңа заманда да ұлттық ұстанымға, өмірлік мақсатқа айналуы қажет. Мемлекет басшысының жаңғыру бағдарын («Рухани жаңғыру» бағдарламасы – автор) кешенді әрі жүйелі жүргізу үшін осындай идеологиялық құндылықтарды дұрыс дәріптеу аса маңызды. Оларды азаматтарымыздың, әсіресе өскелең ұрпақтың бойына сіңіру үшін оңтайлы жолдарын табуымыз керек», - деді төраға Сенатта өтіп жатқан парламенттік тыңдауда.


Мәулен Әшімбаев бұл ретте негізгі салмақ білім беру саласына түсетінін атап өтті.


«Ұлттық танымымызда білім әрдайым тәрбиемен қатар жүрген. Сондықтан бала адамдық, адами әліппесін ата-анасымен қатар мектептен үйренген шарт. Білім мекемелері жанашыр, адал, жауапты, еңбекқор болуды ерте жастан баланың бойына сіңіруге тиіс. Сол себепті оқу бағдарламасына ұлттық құндылықтарды дәріптеу сабақтарын қосып, оны жаңаша жасақтау мәселесін қайта қараған жөн болады», - деп түйіндеді сөзін сенатор.