Сенатор жол апаттарына қатысты жағдайға алаңдаушылық білдірді

0
686

Сенатордың мәліметінше, өткен жылдың өзінде жол апаттарынан 40 593 адм зардап шеккен. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 30%-ға жоғары.


Сенатор жол апаттарына қатысты жағдайға алаңдаушылық білдірді

ERNUR.KZ. Сенатор Ақмарал Әлназарова елімізде жол-көлік оқиғалары бойынша күрделі жағдай қалыптасқанын айтты. Ол Премьер-Министрге жолдаған депутаттық сауалында жағдайды жақсартуға көмектесетін нақты қадамдар туралы баяндады, деп жазады ҚазАқпарат.

Сенатордың мәліметінше, өткен жылдың өзінде жол апаттарынан 40 593 адм зардап шеккен. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 30%-ға жоғары.

Депутаттың пікірінше, бұл жол инфрақұрылымының сәйкес келмеуінен, жүргізуші куәліктерін беру кезіндегі бақылаудың нашарлығынан, полицейлердің алғашқы медициналық көмек көрсетудегі практикалық дағдыларының жеткіліксіздігінен болып отыр. Жолдардағы осындай жағдайдың бәрі елдің демографиялық дамуына қауіп төндіреді.

«Жол-көлік оқиғаларындағы өлім-жітім бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 107-орында тұр. Халықаралық сарапшылар жол-көлік оқиғаларынан болатын еліміздің экономикалық шығындары жалпы ішкі өнімнің 3% көлемінде деп бағалаған. Соңғы 5 жылда 1 971 адам жол апаты салдарынан мүгедектікке тап болды.», - деді депутат Сенаттың жалпы отырысында.

Ақмарал Әлназарова жол-көлік жарақатының алдын алатынымызға сенімді, бірақ бұл жүйелі және кешенді шараларды талап етеді. Жол жүрісіне қатысушылардың өмірі мен денсаулығының басымдығы және қатерді азайту жол жүрісінің негізгі қағидаты болып қалуға тиіс.