Сенаттың жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

0
2 235

Данияр Рамзанов Ұлыбританиядағы Глазго, Кардифф университеттерінде білімін шыңдаған.


Сенаттың жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

ERNUR.KZ. ҚР Парламенті Сенатының баспасөз хатшысы қызметіне Данияр Рамазанов тағайындалды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Сенатта жаңа баспасөз хатшы таныстырылды. Данияр Рамазанов – тәжірибелі журналист, «Болшақпен» бітірген, республикалық телеарналардың бет-бейнесі», - делінген жарияланған ақпаратта.

Данияр Рамзанов М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекет университетінде, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алған.

Ұлыбританиядағы Глазго, Кардифф университеттерінде білімін шыңдаған.

Әр жылдары «Қазақстан» РТРК» Батыс Қазақстан облыстық филиалының тілшісі, «Хабар-24» телеарнасының тілшісі, халықаралық ақпараттар бөлімінің бас редакторы, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің баспасөз хатшысы болып еңбек еткен.