Сергеев су қоймасы тасқынның қауіпті кезеңінен өтті

0
432

10 сәуірден бастап су көлемінің күнделікті 10-15 см төмендеуі байқалады.


Сергеев су қоймасы тасқынның қауіпті кезеңінен өтті

ERNUR.KZ. Петропавл және Серггев су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істеп жатыр, бұзылу қаупі жоқ, деп жазады sputnik.kz.

"10 сәуірде Сергеев су торабында судың максималды деңгейі - 4 метр 25 см тіркелді. 10 сәуірден бастап су көлемінің күнделікті 10-15 см төмендеуі байқалады. Судың максималды ағыны секундына 4870 текше метр болды. Бұл ретте су торабының өткізу мүмкіндігі секундына 11 400 текше метр екенін айта кеткен жөн. Бүгінгі таңда су ағыны секундына 581 текше метр. Сергеев су торабы көп факторлы тексеруден өткен, техникалық жағдайы қанағаттанарлық. Су қоймасында су тасқынының белсенді кезеңі өтті", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Петропавл су қоймасында су ағыны секундына 3 923 текше метр. Су торабының өткізу мүмкіндігі секундына 6 330 текше метр. Аталған су торабы да 2022 жылы көп факторлы тексеруден өтті.

2023 жылы екі су торабының жұмысы бойынша қауіпсіздік декларациясы берілді.