"Сергек" камераларға көбіне тәртіп бұзған шенеуніктер түсіп қалып жатыр

0
886

Көбіне полиция қызметкерлері рұқсат етілмеген жерлерді кесіп өтеді екен.


ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан Облыстық әдеп жөніндегі кеңес төрағасының айтуынша, жол ережесін бұзып, әкімшілік жауапкершілікке көбіне мемлекеттік қызметкерлер тартылып жатыр екен, деп жазады Алтайньюс.

Мемлекеттік қызмет және жемқорлықпен күрес агенттігінің мәліметінше, 1107 рет осындай оқиға тіркелген. Әлбетте, пара беру арқылы істі реттеушілер де көп болған. Өткен жылы 86 пара беру оқиғасы анықталыпты.

"Бұл сандар 2017 жылмен салыстырғанда төмен. Бірақ аз емес. Қазіргі уақытта енгізілген «Сергек» жүйесі тәртіп бұзушылық санын биыл бұрынғыдан арттырып жіберуі де мүмкін. Оған жол ережесін бұзғандар ғана емес, қоқыс тастағандар да түсіп қалуы мүмкін. Мәселен, бүгін өз басым рұқсат жоқ жерден өтіп, көшеге түкірген полицейді көрдім. Иә, «Сергек» барлық қылмысты ашады," – дейді Мемлекеттік қызмет және жемқорлықпен күрес агенттігінің жетекшісі Жанна Қабдолдақызы.