Серік Қүдебаев Қазақстаннан тау арқылы қашқан болуы мүмкін – ҰҚК

0
510

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, Шекара қызметінің директоры Алан Алдажұманов Сенаттың кулуарындағы брифингте мәлімдеді.


Серік Қүдебаев Қазақстаннан тау арқылы қашқан болуы мүмкін – ҰҚК

ERNUR.KZ. Халықаралық іздеуде жүрген Алматы облысы ПД бұрынғы бастығы Серік Күдебаев таулар арқылы шекара асқан болуы мүмкін, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, Шекара қызметінің директоры Алан Алдажұманов Сенаттың кулуарындағы брифингте мәлімдеді.

«Жұмыс болжамы бар, ол тау жаққа кетуі мүмкін делік. Оның туған жеріне жақын маңайда шаруа қожалығы, елдімекен бар. Негізінде, жақсы жол көрсетушілер де, мүмкіндік де бар. Біз таулар арқылы шығу нұсқасын қарастырып жатырмыз», - деді Алдажұманов