Серік Күдебаев ресми түрде шекарадан өтпеді - ҰҚК

0
627

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланған.


Серік Күдебаев ресми түрде шекарадан өтпеді - ҰҚК

ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Серік Күдебаевтың шекара бекетінен ресми түрде өтпегенін мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Шекара қызметі ақпаратына сүйенсек, Күдебаев ресми жұмыс істеп тұрған өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтпеген.

“Бүгінгі күні шектес мемлекеттердің шекара өкілдері аппаратымен өзара іс-қимылда тексеру тағайындалды. Тексеру нәтижесі қосымша хабарланатын болады”, - делінген ақпаратта.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланған еді.