​Серіктестікке Астана да, Баку да мүдделі

0
329

Екі күнге созылған сапары барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан жетекшісі Ильхам Әлиевпен келіссөз жүргізді және қазақ-әзербайжан жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты.


​Серіктестікке Астана да, Баку да мүдделі

Астана Әзірбайжан аумағы арқылы тасымалданатын мұнай көлемін 180 мың тоннаға жеткізбек.

Мұндай келісімге екі ел мамандары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжан Республикасына жасаған мемлекеттік сапары барысында келді.


Екі күнге созылған сапары барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан жетекшісі Ильхам Әлиевпен келіссөз жүргізді және қазақ-әзербайжан жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан прехиденті Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Гейдар оғлын Әзербайжан Республикасының президенті сайлауында айқын жеңіске жетуімен тағы да құттықтады. Президенттің айтуынша, дауыс беру қорытындысы Әзербайжан көшбасшысының стратегиялық бағдары жалпыхалықтың қолдауына ие болғанын және оған жұртшылықтың сенімі жоғары екенін анық көрсетті.


Сонымен қатар президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана мен Баку ынтымақтастықтың жоғары деңгейін көрсетіп, бірлескен жұмыстың жаңа бағыттарын дамытып отырғанын ерекше атап өтті.

"Қазақстан мен Әзербайжанның, шын мәнінде, стратегиялық серіктес, одақтас мемлекеттер екенін көрсетеді. Осы орайда екі ел үкіметтері бүгін қол қойылған құжаттар, келісімдер түріндегі уағдаластықтарды жүзеге асырумен айналысатынын ескерсек, ынтымақтастығымыздың перспективасы өте зор.Мен COP29 саммитіне қатысуға шақыруыңызды ықыласпен қабыл аламын. Мұндай шараны өткізу – Әзербайжан мемлекеті мен оның дипломатиясы үшін айтулы тарихи жетістік. Саммит қазіргі климат мәселелерін реттеу және жаһандық ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан өте маңызды. Баку бұл міндетті абыроймен атқаратыны сөзсіз", – деді Қазақстан президенті.

Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысында Астана мен Баку арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, мұнай-газ, көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері, цифрлық коммуникация және мәдени-гуманитарлық бағыттардағы ықпалдастықты дамыту мәселелері қарастырылды.


Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Жоғары мемлекетаралық кеңестің маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары менМемлекетаралық кеңес отырысының қорытындысы екі ел қарым-қатынасының алдағы күн тәртібін айқындайды.

«Қазақстан мен Әзербайжан – бауырлас мемлекеттер. Халықтарымыз ғасырлар бойы тату, бауырлас ел ретінде ынтымақтастықта өмір сүріп келеді. Соңғы кездері біздің бір-бірімізге жасаған сапарымыздың жиіледі. Осыдан-ақ өзара қатынастардың қарқыны қаншалықты күшейе түскені айқын көрінеді. Біз Қазақстанның әр табысына қуанамыз. Сізді және бүкіл бауырлас Қазақстан халқын әлеуметтік-экономикалық және инновациялық даму жолындағы керемет жетістіктерімен құттықтағым келеді. Сонымен қатар біз екі елге ортақ жобалар туралы әңгімелестік. Мен Қарабақты қалпына келтіру ісіне бауырлас ел ретінде жәрдем бергені үшін Қазақстан Президентіне ризашылығымды білдірдім. Физули қаласында Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығы қазақ халқының әзербайжан халқына тартуы ретінде Президент Тоқаевтың бастамасымен бой көтерді», – деді Ильхам Әлиев.


Қазастандық сарапшылар президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға жасаған мемлекеттік сапарының бірнеше ерекшеліктері барын айтады.

«7 ақпанда Әзербайжанда президент сайлауы өткені бәрімізге белгілі. Сайлауда Ильхам Әлиев жеңіске жетті. Сайлаудың ресми нәтижесі шыққан соң 14 ақпанда жаңа президентті ұлықтау рәсімі өтті. Сол күннен бастап Ильхам Әлиев стратегиялық серіктестеріне мемлекеттік сапармен барды. Сондай-ақ, өзге елдің басшылары, лауазымды тұлғалары Әзербайжанға ресми сапармен келіп жатыр. Сондықтан Қазақстан президентінің ресми сапарын осы рәсімдердің аясында қарастырған жөн. Яғни, өзге мемлекеттер басшысы жаңадан сайланған Әзербайжанмен қарым-қатынасты жалғастыратынын ресми сапарлары арқылы дәлелдеп отыр.

Екіншіден, Ильхам Әлиев ұлықтау рәсімінде Түркі елдерімен ынтымақтастықты нығайта береміз деп мәлімдеген еді. Яғни, Түркі мемлекеттерінің ұйымы Әзербайжанның негізгі стратегиялық бағыты дей аламыз. Оның аясында Әлиев түркі елдерінен ең алдымен Түркияға мемлекеттік сапармен барды. Бұдан шығатын қорытынды Әзербайжанның негізгі сыртқы серіктесі Түркия. Бұған Таулы Қарабақ мәселесінде екі ел арасындағы әскери-саяси ынтымақтастық әсер етіп отыр. Енді міне Қазақстанның басшысы ресми сапармен барды. Бұл Әзербайжанның түркілік әлемде Қазақстанды негізгі серіктес терінде көретінін білдіреді.

Үшіншіден, екіжақты серіктестікке тек Баку ғана емес, Астана да мүдделі. Біздің басты экспорт өнімі мұнай. Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығыс кесірінен Ресей арқылы тасымалданатын мұнай бағытында кедергілер пайда болды. Сондықтан жаңа балама көлік-логистика табуға тура келді. Осы орайда Әзербайжан аумағы арқылы Еуропаға өтетін Транскаспий халықаралық көлік маршруты қайта жанданды. Қазақстан үшін Ресей аумағы арқылы өтетін КҚК на балама ТХКМ өте қажет. Меніңше келіссөздердің басты тақырыптарының бірі осы болды»,- дейді саясаттанушы Пердехан Шәмшиев.


Бақылаушылардың пікіріне, ресми Астана мен Баку арасында өткен келіссөздердің негізгі бөлігі екі елдіңэкономикалық қатынастарға қатысты болды.

«Біздің экспорттық жүйе әрдайым Қара теңіз және Ресей порттарына бағытталған, сәйкесінше, біздегі металл, көмір, астық және ең бастысы мұнай, бәрі сонда барды. Қара теңіз арқылы Еуропаға немесе Азияға экспортталады. Кезінде ол жердеқазақстандық тараптранскаспийлік бағытты дамытуды ойластырып, Ақтау портын кеңейтті және Құрық портын салды. Өйткені бізде орасан зор мұнай болады, сонда 160-200 миллион тонна өндіріледі және сәйкесінше оның барлығы Ресей порттары арқылы өте алмайды деп болжанды. Біріншіден, мұнайға қатысты болжам ақталмады,екіншіден, Каспий құбыр консорциумы кеңейді, нәтижесінде барлық мұнай сол құбырға кетіп отырды. Порттарда іске аспай қалған қуаттар қалды, яғни әрбір портқа 10 миллион тоннаболады деп болжанғанымен, ол порттарға ең көп дегенде үш миллион тонна ғана болды. Алайда қазір Ресей украиналық, теңіз ұшқышсыз ұшақтары мен миналарын, зымырандарын жеңе алмайтындығына байланысты , Новороссийск портының жұмысына қауіп төніп тұр. Сәйкесінше Новороссийск арқылы өтетін жүктерімізді тасмадау қиын болып тұр. Бұл бір жағынан кідіріс, сонымен бірге жойылу қаупі бар.Өйткені зымыран мұнай терминалына тиіп кетсе, орасан зор өрт шығады және орасан шығын болады. Сол себептен біз кем дегенде 10 миллион тонна мұнайды Ақтау және Құрық порттары арқылы Бакуге, одан әрі Баку-Тбиси-Джейхан арқылы немесе басқа жолмен Грузияға және сәйкесінше Еуропаға жіберуді жоспарлап отырмыз. Осының барлығын жүзеге асыру үшін, экспортымыз кедергісіз жүруі үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен келіссөз жүргізеді», - дейді саясаттанушы Марат Шибутов.


Сайып кегенде сарапшылардың пікірінше, екі ел қарым-қатынасының басты бағыттарына жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру және қазақстандық мұнай экспортын сыртқы нарыққа әртараптандыруды жатады. Қалыптасып отырған күрделі геосаяси жағдайды ескерсек, бұл екі бағыт стратегиялық бағытқа айналып отыр.

Ал негізінен мамандар пайымдауынша, Қазақстанның сыртқы саясаты жаңа экономикалық мүмкіндіктерді табудың және осы арқылы мемлекет азаматтарыныңөмір сүру деңгейін арттырудың тетігіретінде өзінің тиімділігін көрсетіп келеді. Таңдалған жолдың дұрыстығын Бакудегі мемлекеттік сапар тағы бір дәлелдеп берді.