Шахматтан балалар құрамасы Қырғызстанда 40 медаль еншіледі

0
654

Түрлі санат және жас бойынша Қазақстан құрамасы ортақ есеппен 40 медаль жинады.


Шахматтан балалар құрамасы Қырғызстанда 40 медаль еншіледі

ERNUR.KZ. 30 маусым мен 10 шілде аралығында Қырғызстанда 6 мен 18 жас аралығындағы балалар арасында шахматтан Батыс Азия чемпионаты өтті, деп жазады baq.kz.

Жарысқа Бангладеш, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Оман, Шри-Ланка, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан елдерінен 280-нен астам шахматшы және Халықаралық шахмат федерациясы атынан ойыншылар қатысты.

Түрлі санат және жас бойынша Қазақстан құрамасы ортақ есеппен 40 медаль жинады.

Классикалық шахмат жарысында біздің команда Өзбекстаннан ғана ұтылып, екінші орын алды. Қазақстан қорында – 4 алтын, 3 күміс және 4 қола. Сондай-ақ 6 жасқа дейінгі санатта, жарыстан тыс ойында қазақстандық жас шахматшылар 2 алтын және 1 күміс жеңіп алды.

Рапид және блиц бойынша Қазақстан құрамасы командалық есепте жеңіске жетті.

Блицте Қазақстан қоржынында 5 алтын және 3 қола медаль бар. Сол арқылы еліміз жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты. Рапид бойынша да топ жардық, одан барлық 14 санат бойынша 18 медаль: 7 алтын, 3 күміс және 8 қола жүлде иеленгенбіз.