Шалқар көліне ағып кеткен немересін іздеп түскен ер адам табылды

0
421

Шалқар көлінде 9 жасар бала ересектердің қарауынсыз үрлемелі матрасқа отырып, жел ығымен көл ортасына кетіп қалған.


Шалқар көліне ағып кеткен немересін іздеп түскен ер адам табылды

ERNUR.KZ. БҚО-да Шалқар көлінде немересімен бірге жоғалып кеткен ер адам табылды. Құтқарушылар қазіргі кезде баланы іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп жазады ulysmedia.kz.

22 маусым күні сағат 16:45-те құтқарушыларға Теректі ауданы Сарыөмір ауылындағы Шалқар көлінде 9 жасар баланың ересектердің қарауынсыз үрлемелі матрасқа отырып, жел ығымен көл ортасына кетіп қалғаны туралы ақпарат келіп түскен.

Баланы құтқармақ болып артынан 66 жастағы атасы суға түскен. Бірақ олар сол күйі жағаға оралмаған. Іздеу жұмыстарына құтқарушылар тікұшақ пайдаланған.

«Сағат 23:00-де БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ер адамның қарсы жағалаудан табылғанын хабарлады. Ол аман-есен, жағдайы қанағаттанарлық», - делінген хабарламада.

Таңғы сағат 5:00-де құтқарушылар баланы іздеу жұмыстарын қайта бастады.

Мамандар тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, балаларды қараусыз қалдырмау керек екенін ескертеді.