Шамалған стансасында салынып жатқан көпір жақын күндері пайдалануға беріледі

0
797

Көпірді қалпына келтіруге жергілікті бюджеттен 364,5 млн теңге бөлінді.


Шамалған стансасында салынып жатқан көпір жақын күндері пайдалануға беріледі

ERNUR.KZ. Қарасай өңіріндегі Шамалған станциясының теміржол өткелінде жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы аяқталып қалды, деп жазады zakon.kz.

Көпірді қалпына келтіруге жергілікті бюджеттен 364,5 млн теңге бөлінді. Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары әкімшілігінің тапсырысы бойынша "РСУ-13" ЖШС мердігерлік компаниясы көпірді қайта жөнжеп, салуды қолға алды.

Қазіргі уақытта байланыс желілерінің инженерлік желілерін жеткізу, іргетастағы топырақты тұрақтандыру, тіреу үшін монолитті іргетас плиталарын орнату, баспалдақтардың металл бағаналарын бекіту, электрмен жабдықтау және жарықтандыру желілерін орнату жұмыстары аяқталды.

Сондай-ақ, жаңа көпірге декоративті шағылыстыратын панельдер орнатылып, нысан аумағы толығымен абаттандырылды. Бұл объектіде жұмыс әлі де жүріп жатыр және нысанды пайдалануға беру туралы құжатты комиссияға өткізуге дайындап жатыр.

Бұған қоса, бұл өңірде 2019 жылдан бастап Алматы 1 - Шамалған - Ұзынағаш стансасы аймақтық автожолында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өте кетелік.