Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

0
347

Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы 15 тамызда қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылында дүниеге келген.


Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Мемлекет басшысы «Ш. Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа (марқұм) жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын", - делінген жарлықта.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.