Шанхайда «Астана ЭКСПО-2017» - «Болашақ энергиясы» экспозициясы ашылды

0
1 404

Онда келушілер ғылыми-техникалық және дүниежүзілік қоғамдастықтың мәдени жетістігін бейнелейтін үш мыңнан астам экспонатты тамашалай алады.


Шанхайда «Астана ЭКСПО-2017» - «Болашақ энергиясы» экспозициясы ашылды

ERNUR.KZ. Көрме «Әсем Астана», «Болашақ энергиясы», «Энергетикалық фокус» және «Жарық пен көлеңкенің саяхаты» сынды төрт тақырыптық алаңнан тұрады, деп жазады 24.kz.

Олар бас шаҺарымызда өткен шарада өзге елдермен ұсынылған балама қуат көзі, қуат және қорларды үнемдейтін технологиялар саласындағы жобалардың іске асырылу үдерісін көрсетеді. Сонымен қатар жиын барысында ұлттық компания өкілдері қатысушыларды нысандарды көрмеден кейін пайдалану тұжырымдамасымен және EXPO аумағындағы жаңа іскерлік орталығымен таныстырып өтті.

Ендігі ретте біздің экспозициялар наурыз айында Дүниежүзілік EXPO мұражайының топтамасына өтіп, тұрақты көрменің бір бөлігіне айналады. Онда келушілер ғылыми-техникалық және дүниежүзілік қоғамдастықтың мәдени жетістігін бейнелейтін үш мыңнан астам экспонатты тамашалай алады.