Шаруалар жыл соңына дейін жер салығынан босатылады

0
1 053

Биыл агроөнеркәсіптік кешеннің биологиялық активтерін импорттау бойынша да қосылған құн салығы төленбейді.


Шаруалар жыл соңына дейін жер салығынан босатылады

ERNUR.KZ. Отандық агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және шаруаларды ынталандыру мақсатында ауылшаруашылық өнімін өндірушілер жыл соңына дейін жер салығынан босатылады, деп жазады Zakon.kz.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шұғыл штабында осындай шешім қабылданды.

Биыл агроөнеркәсіптік кешеннің биологиялық активтерін импорттау бойынша да қосылған құн салығы төленбейді.

Айта кеткен жөн, 2020 жылдың наурыз бен қазан айлары аралығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін қосылған құн салығының мөлшері 12-ден 8 процентке дейін төмендетілді.