​Шаруаларға жеңілдетілген несие беру жалғасады

0
1 034

Енді кредит төмен процентпен тек теңгемен беріледі


​Шаруаларға жеңілдетілген несие беру жалғасады

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпорындарды қолдау үшін тисті шешімді шығардық. Енді біз кредитті төмен процентпен тек теңгемен береміз. Бұл туралы Астанада өткен брифингте «Цеснабанк» АҚ директорлар кеңесі мүшесі Николай Мещеряков айтты, деп жазады Baq.kz..

«Ауыл шаруашылығын өнімдерін өндірушілерді қолдау шаралары бекітілді. Біз жұмыстарын табысты жүргізіп отырған компаниялар үшін кредиттік жүктемені азайтамыз. Себебі, басқа валютамен берілген кредиттер ауыл шаруашылығы саласындағы компаниялардың жұмысына айтарлықтай салмақ түсірді. Салдарынан олардың жұмысы қиындай түсті. Енді біз кредитті төмен процентпен тек теңгемен береміз. Бұл ауыл шаруашылық компанияларына жұмысын табысты жүргізіп, дамуына мүмкіндік береді», - деді ол.

Николай Мещеряков «Родина» (Ақмола облысы), «Тайынша астық» (Солтүстік Қазақстан облысы) шаруа қожалықтарының жұмысына жоғары баға беріп, олардың инновациялық технологияларды пайдаланып отырғанын атап өтті.

«Сондықтан біз ауыл шаруашылығы саласындағы компаниялармен байланысты нығайта түсеміз. Үкімет, ауыл шаруашылығы министрлігімен бірігіп, осы бағыттағы жұмыстарды жүргізе береміз», - деп түйіндеді сөзін «Цеснабанк» АҚ директорлар кеңесі мүшесі.