Шавкат Мирзиеев "Түркі әлемінің ең жоғары орденімен" марапатталды

0
463

Бұл бастаманы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген.


Шавкат Мирзиеев

ERNUR.KZ. 2023 жылы 3 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевке "Түркі әлемінің ең жоғары ордені" табыс етілді, деп жазады zakon.kz.

ҚР Президентінің баспасөз қызметі түсіндіргендей, бұл бастаманы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Түркі әлемінің бірлігін күшейтуге қосқан елеулі үлесі үшін Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Миромонович Мирзиёев "Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен" марапатталды" - деп жазылған Telegram арнасында жарияланған хабарламада.

Бұған дейін Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде 12 құжатқа қол қойылғаны хабарланған болатын.