Шавкат Рахмонов UFC-ге үн қатты

0
900

Екі күн бұрын оның жекпе-жегі қарсыласы Джефф Нилдің жарақатына байланысты болмай қалғаны белгілі болды.


Шавкат Рахмонов UFC-ге үн қатты

ERNUR.KZ. Жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жаңа жекпе-жегі туралы UFC-ге үн қатты, деп жазады Tengrinews.kz.

Екі күн бұрын оның жекпе-жегі қарсыласы Джефф Нилдің жарақатына байланысты болмай қалғаны белгілі болды. Олар 14 қаңтарда Лас-Вегаста (АҚШ) UFC Fight Night 217 турнирінде кездесуі керек еді.

Бір күн бұрын қазақстандықтың бірінші үміткері пайда болды. Аз уақытта АҚШ-тың тағы бір файтері Рахмоновқа қарсы шығуға шешім қабылдады. Брайан Барберена жеңіл салмақта жұдырықтасуды ұсынды.

Бұл қазақстандыққа ұнайтыны және ол Вегастағы турнирді жіберіп алғысы келмейтіні анық.
"UFC, мен дайынмын, ол дайын, тағы не керек?" - деп жазды Рахмонов Instagram-парақшасында.