Щучье тұрғыны "тыңшы" қалам сатқысы келген

0
509

Полиция қызметкерлері желіде автоқалам-телефонның сатылатыны туралы хабарламаны анықтаған.


Щучье тұрғыны

ERNUR.KZ. Щучье тұрғыны аудио, видео жазатын "тыңшы" қаламды хабарлама арқылы сатқысы келген, деп жазады Tengrinews.kz.

Hi-Tech шұғыл-профилактикалық шарасын өткізу кезінде Бурабай аудандық полиция бөлімінің Криминал полиция бөлімшесінің қызметкерлері Желіде автоқалам-телефонның сатылатыны туралы хабарламаны анықтаған. Оны Щучье қаласының 46 жастағы тұрғыны жариялаған.

Құрылғы ақпаратты жазу және беруге келіспеген жағдайда пайдаланылады. Мұндай техникалық құралды қолданғандар ҚР ҚК 399-бабына сәйкес ("Жарияланбайтын ақпаратты алу үшін техникалық құрылғыларды заңсыз дайындау, өндіру, сатып алу немесе пайлалану") жазаланады.

"Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазір сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.