Шекара маңындағы теміржол станцияларының басшылары қызметтерінен босатылды

0
514

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пен "ҚТЖ" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Сауранбаев "KTZE-Khorgos Gateway" құрлық портының, "Нұр жолы" және "Алтынкөл" өткізу пункттерінің жұмысын тексерді.


Шекара маңындағы теміржол станцияларының басшылары қызметтерінен босатылды

Қаржы министрлігі мен ҚТЖ Қорғас АЭА-да СЭҚ қатысушыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ "Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пен "ҚТЖ" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Сауранбаев "KTZE-Khorgos Gateway" құрлық портының, "Нұр жолы" және "Алтынкөл" өткізу пункттерінің жұмысын тексерді.

Жұмыс сапары барысында сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен кездесу өткізіліп, онда қазақстандық-қытайлық шекарадағы бизнес жүргізудің ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды.

Сапар қорытындысы бойынша Достық және Алтынкөл шекара маңыдағы теміржол станцияларының басшылары өз қызметтерінен босатылды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кедендік шекарада кешенді тексеру жүргізуді және тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырған болатын.