"Шекара сымы үстіне құлаған": Мақтаарал ауданында үйіне қайтуына 10 күн қалған сарбаз қайтыс болды

0
1 245

Оның өз үйіне қайтуына 10 күн қалған.


ERNUR.KZ. Мақтаарал ауданы Мырзакент ауылындағы 2037 әскери бөлімшесінде қызметте болған сарбаз қайтыс болды. Оның өз үйіне қайтуына 10 күн қалған, деп жазады stan.kz.

Аталған оқиғаға қатысты Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі өз пікірін білдірді. Олардың айтуынша, қызметтік борышын өтеп жүрген сарбаз Темірбеков Нұрғасыр шекара сымы үстіне құлап түсіп қайтыс болған.

"04.09.2023 жылғы 11 сағат 41 минутта 04.09.2023 жылы Атакент жедел жәрдем бөлімінен 2037 әскери бөлімінде қызметте болған Қызылорда обылысының тұрғыны 2004 ж. туған Темірханов Нұрғазы Мэлсұлы қайтыс болғаны жайлы хабарлаған. Аталған хабарламаны тексеру барысында 04.09.2023 жылы сағат 08:30 шамасында Мақтаарал ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты шекара белгісі №190, №38 участокта өзінің қызметтік борышын атқарып жүрген Қызылорда облысы, Жаңа қорған ауданы А.Мұхаммеджанов көшесі №8 үй тұрғыны 11.07.2004 ж. туған Темірбеков Нұрғасыр Мэлсұлы шекара сымы үстіне құлап түсіп қайтыс болғаны анықталды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 156-бабы 3-бөлігі көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілерін дәлелдейтін жеткілікті деректердің бар екенін назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 179, 184-баптарына сәйкес осы факт 04.09.2023 жылғы, уақыты (11 сағат 41 минутта) №235143031000321 болып Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін тіркеу жүргізіледі" - делінген Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі келтірген мәлімдемеде.