Шенеунік сапасыз асфальт үшін пара алғанын мойындады

0
1 898

Ол 1 миллион теңге көлемінде пара алған.


Шенеунік сапасыз асфальт үшін пара алғанын мойындады

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының тұрғынүй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы 1 миллион теңге көлемінде пара алғанын мойындады. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істері жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров хабарлады, деп жазады Qamshy.kz.


– Күдікті "Жұмыспен қамту жол картасы – 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған жолдың құрылысы кезінде қамқорлық көрсеткені үшін заңды тұлғалардан 1 миллион теңге көлемінде пара алғанын мойындады, – деді Данияр Биғайдаров


Бұған дейін әлеуметтік желіде 2020 жылы Мұнайлы ауданы Баянды ауылында жаңадан төселген асфальт жабынын қолмен оңай бөліп алуға болатыны көрсетілген видеоны жарияланған болатын.