Шенеуніктер пара ретінде арматура мен парфюм алған

0
705

Сондай-ақ «iPhone» маркалы смартфондарын, сонымен қатар, трамадолдың 140 таблеткасын және тропикамидтің 4 құтысын сұрағандар да бар.


Шенеуніктер пара ретінде арматура мен парфюм алған

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Шенеуніктер параны енді «тазы күшіктерімен» ғана емес, жылқымен және «Бьютиманияның» сертификаттарымен де алатын болған. Атырау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті жыл басынан бері қылмыстық істерге мониторинг жасап, қызықты талдау жүргізді, деп жазады azh.kz.

"Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзудың алдын-алу жөнінде көп жұмыстар жүргізілгеніне қарамастан, шенеуніктер пара алуды жалғастыруда, ақшамен алмайтын да жағдайлар кездеседі" - деп атап өтті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері.
Көбінесе құрылыс материалдарымен алады екен. Мысалы, аудандық әкімдіктердің бірінің қызметкері «қызметі» үшін «Kaspi Gold» картасына 200 мың теңгеден бөлек, 15 метр темір құбыр мен 260 метр арматура сұраған. Ал қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкері қамқорлық жасағаны үшін құрылыс материалдарын сатып алып, өз кабинетіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді талап еткен. 1,8 литр бояу, 2 щетка, 13 литр су эмульсиясы пара ретінде берілген. ҚАЖД мекемелері бұл тұрғыда ерекшелігімен таң қалдыруда. Телефондарды тасымалдау үшін қызметкер қақталған тауық етін сұрап, ішіне қуаттау құрылғысы бар «Huawei» және «iPhone» маркалы смартфондарын, сонымен қатар, трамадолдың 140 таблеткасын және тропикамидтің 4 құтысын салған.
Ал нәзік жандылар құрылыс материалдарынан гөрі сұлулық өнімдерін жөн көреді. Облыстық басқармалардың бірінің қызметкері парфюмерлік-косметикалық дүкеннен сертификат талап етіп, осылайша өзіне 8 наурызға сыйлық жасаған. Сондай-ақ, «тірі» пара ретінде жылқы алғандар да болған. Ал сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы хабарлағандар еш парасыз ақша таба алады. Жыл басынан бері Атырау облысының 11 тұрғыны сыбайлас жемқорлық қылмысын хабарлағаны үшін жалпы сомасы 1 621 240 теңге алды. Жалпы, мұндай сигналдар үшін қылмыстың ауырлығына қарай 10 миллион теңгеге дейін ынталандыру сыйақысы қарастырылған.