Шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге өтінім қабылдау басталды

0
787

Шетелде ғылыми тағылымдамадан (500 ғалым) өту үшін конкурстық іріктеуге қатысуға өтініш беру 13 қазанға дейін жалғасады.


Шетелде ғылыми тағылымдамадан  өтуге өтінім қабылдау басталды

ERNUR.KZ. 28 тамыз күні "Халықаралық бағдарламалар орталығы" Шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге өтінім қабылдай бастайды, деп жазады zakon.kz.

Шетелде ғылыми тағылымдамадан (500 ғалым) өту үшін конкурстық іріктеуге қатысуға өтініш беру 13 қазанға дейін жалғасады. Республикалық комиссия грант тағайындауды желтоқсан айларында жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-да мына мекенжайда:

Астана қаласы, Сығанақ к-сі, 70-үй "Сығанақ" бизнес орталығы, 5-қабат, 508-кабинетте қолма қол (қағаз жүзінде, сондай-ақ электронды тасымалдағыштағы сканерленген нұсқасы) қабылданады.

"Ескерте кетейік: Құжатты үшінші тұлға келіп тапсырған жағдайда – конкурстық іріктеуге қатысуға құжат тапсыру үшін өкілдің атына берілген үміткерден нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы болуы қажет"."Халықаралық бағдарламалар орталығы"