Шетелде су астында жатқан көк Туды алып шыққан жігітке көпшілік разы болды (видео)

0
1 508

Бейнежазбада байқалғандай, расында Ту Қазақстандыкі.


Шетелде су астында жатқан көк Туды алып шыққан жігітке көпшілік разы болды (видео)

Әлеуметтік желіде су астында жатқан көк Туды байқап, оны киімшең суға түсіп барып алып шыққан жігіттің видеосы тарады.


Бейнежазбада шетелдік жағалаулардың бірінде екендігі байқалады. Жағалауға жиналғандар су астында еліміздің рәміздерінің бірі көк Тудың жатқанын байқаған. Содан кейін қара футболкалы жігіт киімімен суға түсіп, жүзіп барып Туды алып шығады.

Бейнежазбада байқалғандай, расында Ту Қазақстандыкі.

Әлеуметтік желіде тараған видео көрген оқырмандар қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге шақырып, батылдық танытқан жігітке алғысын жаудырды.