Шетелден ұшып келген 3 жолаушыдан коронавирус анықталды

0
2 408

3 жолаушы да анықтамасыз келген.


Шетелден ұшып келген 3 жолаушыдан коронавирус анықталды

Қазақстанға шетелден ұшып келген үш жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың екеуі Шарм-ел-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен, біреуі Франкфурт–Нұр-Сұлтан рейсімен келген, деп хабарлайды ERNUR.KZ Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 8 наурызда Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.
2 565 әуе жолаушыларының ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 464 адам, анықтамасыз 101 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 544 жолаушы, анықтамамен - 1 468, анықтамасыз - 76;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 456 жолаушы, анықтамамен - 439; анықтамасыз - 17;
Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, 441 жолаушы, анықтамамен - 433; анықтамасыз - 8;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 124 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР тест тапсырады, оның нәтижесі шыққанша карантин стационарында күтеді.

7 наурызда шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет
Анықтамасыз келген 984 жолаушының ПТР-талдау нәтижелері бойынша үш жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде екі жолаушы Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен, бір жолаушы Франкфурт – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.