Шетелден ұшып келген 5 жолаушыдан коронавирус анықталды

0
2 494

17 наурызда 387 ҚР азаматы ПТР-анықтамасыз келген.


Шетелден ұшып келген 5 жолаушыдан коронавирус анықталды

17 наурыз күні Қазақстан аумағына Германия, Оңтүстік Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстаннан 28 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, бір тәулікте елімізге 3 372 жолаушы ұшып келді. Оның 2 985-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Қалған 387-сі анықтамасыз келген, барлығы – ҚР азаматтары.

Атап айтқанда:

- Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 1 736 жолаушы, анықтамамен – 1 544, анықтамасыз - 192;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 460 жолаушы, анықтамамен – 299, анықтамасыз - 161;

- Шымкент қаласының әуежайына – 4 рейс, барлық 616 жолаушы анықтамамен келген;

- Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, 434 жолаушы, анықтамамен – 400, анықтамасыз - 34;

- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 120 жолаушы анықтамамен келген;

- Тараз қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 6 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасы болмағане Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Сондай-ақ хабарлағнадай, 16 наурызда коронавирусқа ПТР-анықтамасыз ұшып келген Қазақстанның 211 азаматының тест нәтижесі дайын болған. Оларға сәйкес, «Дубай – Алматы» рейсінің – 2, «Сеул – Алматы» рейсінің – 1, «Анталия – Алматы» рейсінің – 1, «Рас-эль-Хайма – Ақтау» рейсінің 1 жолаушысынан коронавирус анықталды.