Шетелдік әуе компаниялар отандық бірқатар әуежайға ұшып-қонуда шектеусіз мүмкіндікке ие болды

0
723


Шетелдік әуе компаниялар отандық бірқатар әуежайға ұшып-қонуда шектеусіз мүмкіндікке ие болды

ERNUR.KZ. ҚР Көлік министрлігінің "ашық аспан" режимін енгізу туралы бұйрығына шетелдік әуекомпанияларына 5-ші дәрежелі "әуе еркіндігін" пайдалану құқығын беру арқылы бұрын-соңды қолданыста болған шектеулерді алып тастауға бағытталған өзгерістер енгізілді, деп жазады Zakon.kz.

Осылайша, шетелдік әуе компаниялары Қазақстанның бірқатар әуежайына әуе кемелерінің типтері мен жиілігіне қарамастан, оның ішінде бағыттар бойынша шектеусіз 5-ші дәрежелі "әуе еркіндігімен" ұшуларды орындау мүмкіндігіне ие болды.

"Қолға алынған бұл шаралар бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік беріп, өз кезегінде әуебилеттерінің құнын төмендетуге және ұшу географиясын кеңейтуге ықпал етеді деп көзделіп отыр", - деп жазады ҚР Мемлекеттік авиация комтиеті


Айта кетсек, "Ашық аспан" режимі Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан,Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей қалаларының әуежайларында қолданылады.