Шетелдік интернет дүкендер салық төлеуге міндеттеледі

0
875

​Қазақстан азаматтарына интернет арқылы қызмет немесе тауар сатып, пайда тапқан шет елдік компаниялар қосымша құн салығын төлеуге міндеттеледі.


Шетелдік интернет дүкендер салық төлеуге міндеттеледі

ERNUR.KZ. Бұл туралы салық көдекісіне өзгерістер енгізуді көздейтін заң жобасында қарастырылған. Құжат бүгін мәжілісте талқыланды, деп жазады 24.kz.

Егер қабылданса, Елдегі екінші деңгейлі банктер шетелдік интернет-компанияларға Қазақстан азаматтары қанша қаржы аударғаны туралы кірістер комитетіне ақпарат беруге міндеттеледі. Сол арқылы салық есептеледі. Қазір мемлекеттік орган интернет дүкендерге Қазақстанда тіркелу қажеттігін ескертіп, өз талаптарын қойып жатыр. Мойынсұнбағандарға әкімшілік айып салынады.

"Интернет компаниялар арқылы алып-сату жылдан жылға көбейіп жатыр. Сол себептен интернет арқылы сатып алған тауарларға қосымша құн салығы салынады. Өйткені егер адам тауарды осында алып келіп кіргізсе, оған қосымша құн салығы тауар импортталған кезде төленеді. Ал интернет дүкендерден алынған тауарлар пошта арқылы келеді де, оған салық төленбей қалады. Әрине, біз гугл басқа интернет магазиндерге мүмкіншілік береміз осы жерде тіркелуіне. Арыз берсе түсініктеме беріп жатырмыз. Ондай компанияларға. Егер осы жерде сауда жүргізгісі келсе тіркелуге тиісті. ", - дейді ҚР Қаржы вице-министр Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ алдағы уақытта банктердің мобильді қосымшасында аударымдар қызметіне төлем жасау деген баған қосылады. Яғни тұтынушы тауар алған сәтте төлем жасау қызметі арқылы есеп айырысса бұл кірістер комитетіне тіркеліп, кәсіпкер табысынан салық алынады. Жаңа жүйе көлеңкелі бизнесті азайтуға мүмкіндік береді. Марат

"Кәсіпкерлер өз жұмысына мобильді төлемдерді алып жатса, яғни бөлек шот ашуы тиіс. Оған төлеген адамның құқығы бар кімге не үшін ақша аударғанын. бүгінгі күнде ондай мүмкіндік жоқ. тек қана ақша аудару бар, төлем деген жоқ. Сол төлем дегеннің мағынасын заңға енгізіп отырмыз. Бұл қысым болмайды. Өйткені салықтың мөлшері, төленетін уақыты, мерзімі бәрі сол қалпында қалады", - дейді ҚР Қаржы вице-министр Марат Сұлтанғазиев.