Шетелдік көліктерді заңдастыру жұмыстары қашан басталатыны белгілі болды

0
378

Қазір бұл үшін мемлекеттік органдар барлық қажетті заңнамалық және ұйымдастырушылық шараларды қабылдауда.


Шетелдік көліктерді заңдастыру жұмыстары қашан басталатыны белгілі болды

ERNUR.KZ. Шетелдік көліктерді заңдастыру мерзімі қашан басталатыны айтылды. Қазіргі уақытта елімізге 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктердің тізімі толықтай жасалған, деп жазады Экспресс К.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев айтты. Оның сөзіне сүйенсек, қазір бұл үшін мемлекеттік органдар барлық қажетті заңнамалық және ұйымдастырушылық шараларды қабылдауда.

“Кодекстегі түзетулер келесі жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді. Сондықтан заңдастыру келер жылдан бастап жүргізілетін болады. 1 қыркүйектен кейін әкелінген көліктер заңдастыруға жатпайды, жалпы негізде тіркеледі”, - деді Қайсар Сұлтанбаев.
Сонымен қатар ол заңдастыру кезінде утилалым төленбейтінін және автокөліктерді заңдастыру үшін полицияға онлайн-өтініш беру мүмкіндігі пысықталып жатқанына тоқталды.
“Полиция қандай да бір шектеулер қоймайды. Еуразиялық экономикалық одақтың тауары болып табылмайтын көліктерге кедендік баж салығы төленуі тиіс. Қаржы министрлігі қолайлы кедендік декларациялау тетігін әзірлеуде”, - деді ол.
Полициядағылар автокөліктердің шығарылған жылына және экологиялық санаттарына қарай талаптар жоқ екенін де айтты. Ал қалған талаптар бойынша шешім ұлттық және халықаралық заңнаманы ескере отырып қабылданбақ.