Шетелдік мердігерлер жол жөндеу кезінде 20 млрд теңге жымқырған

0
444

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Саян Ахметжанов бұл саладағы парақорлықтың бірқатар жолын әшкерелеп тізіп берді.


Шетелдік мердігерлер жол жөндеу кезінде 20 млрд теңге жымқырған

ERNUR.KZ. Екі шетелдік мердігер мекеме жол жөндеймін деп елге 20 млрд теңгеден астам шығын келтірген, деп жазады «Хабар 24».

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Саян Ахметжанов бұл саладағы парақорлықтың бірқатар жолын әшкерелеп тізіп берді.

Сорақысы сол, елде құрылыс материалдарының сапасын тексеретін зертханалар болуы керек деген темірдей талап жоқ. Осының салдарынан ақшаны үнемдеу үшін тапсырысты орындаушылар арзан әрі сапасыз заттарды пайдаланады. Техникалық қадағалаудың аты бар, заты жоқ. Түптеп келгенде жұмысты қабылдау актісіне тек тапсырыс беруші мен мердігер мекеме қол қояды екен.

"Үкіметтік займдар – бюджет қаржысы. Тендер кезінде жұмысты арзан бағамен істеуге дайын мердігер мекемеге таңдау түседі. Соңғысының шотына банк кепілдігі бойынша келісімге сәйкес алғытөлем аударылады. Сенімсіз банк арқылы аударылған алғытөлемнің көлемі өседі. Нақты нормативтік шарттардың болмауы кесірінен жауапты мекеме өзіне жүктелген міндетті ойдағыдай орындамай, келісімді бұзады. Артынша, мердігер отанына оралады. Ал комитет бұл істі арбитраждық соттың қарауына қалдырады. Тексеріс нәтижесінде осындай екі компания анықталды. Олардың мемлекетке келтірген залалы 20 млрд 800 млн теңгеге тең", - деді ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің превенция қызметінің басшысы, Саян Ахметжанов.