ШҚО бес қайықпен жүрген браконьерлер екі инспекторға шабуылдады (видео)

0
1 329

Қарсылық көрсеткендер шамамен оншақты адам болған.


ШҚО бес қайықпен жүрген браконьерлер екі инспекторға шабуылдады (видео)

ERNUR.KZ. ШҚО екі инспекторға 10 браконьер шабуылдады, деп жазады Zakon.kz.

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің хабарлауынша, оқиға 23 сәуір күні сағат 18:30 шамасында орын алған.

ШҚО Жайсан көлінің Базарка аумағында балықтардың уылдырық шашу кезеңінде Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының Көкпекті бөлімінің мемлекеттік инспекторлары рейд жүргізген.

"Рейд жүргізу барысында бөлімнің екі инспекторына Тассай ауылының тұрғындары шабуыл жасаған. Қарсылық танытқандар шамамен он шақты адам болған және олар бес қайықпен жүрген. Балағаттап, күш көрсету арқылы қоқан-лоққы жасаған, сосын ескектер мен ұрып, қайықты жаншып, оны бірнеше рет аударып жібермек болған. Аталған дерек бойынша Көкпекті аудандық полиция бөлімшесіне арыз түсті," - деп хабарлап отыр Ділдахмет.