ШҚО-да банк қызметкері бөтен біреудің атына несие рәсімдеген

0
968

Банк қызметкері несие рәсімделген жеке куәлікті көшеден тауып алған.


ШҚО-да банк қызметкері бөтен біреудің атына несие рәсімдеген

ERNUR.KZ. Өскеменде банк қызметкері бөгде адамның сыртынан жарты миллион теңгеге жуық несие рәсімдеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Банк қызметкерінің айтуынша, ол несие рәсімделген жеке куәлікті көшеден тауып алған. 24 жастағы банкир Ұлан ауданының тұрғыны болып шыққан. Ал жоғалған құжат иесі 36 жастағы әйел екенін анықталып отыр», – делінген департаменттің дерегінде.

Банк қызметкері өз кінәсін мойындап, түсініктеме берген.

Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.