ШҚО-да бір күнде үш көлік мұз астына түсіп кетті

0
1 197

Бұл оқиғалар жұқа мұздың үстімен жүрудің салдарынан болды.


ШҚО-да бір күнде үш көлік мұз астына түсіп кетті

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында бір күннің ішінде 3 көлік мұз астына түсіп кеткен, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қауіпсіздік ережелерін ескермеудің және жұқа мұздың үстімен жүрудің салдарынан бүгін 3 оқыс оқиға болды. Екі көлік Көкпекті ауданында, бір көлік Шүлбі кентінде мұз астына түсіп кеткен. Құтқарушылар жүргізушілерге көліктерді судан шығаруға көмектесті.

«Шүлбіде құтқарушылар көлігі мұз астына түсіп кеткен жүргізушіні арнайы «Кунг» автокөлігіне отырғызып жылынуына және киімін кептіріп алуына жағдай жасады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.