ШҚО-да ер адам ертіп кеткен бала өлі табылды

0
729

Тәртіп сақшылары күдікті ретінде 20 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.


ШҚО-да ер адам ертіп кеткен бала өлі табылды

ERNUR.KZ. 29 тамызда кешке Зубовск ауылында жоғалып кеткен жеті жасар Эдуард Жилиев өлі табылды, деп жазады tengrinews.kz.

Басылымдағы ақпарат бойынша, алдымен бұл мәлімет әлеуметтік желілерде пайда болған. Ауыл әкімі Владимир Морозов мұны растады.

Кейінірек полиция өкілдері пікір білдірді.

Баланың денесі ауыл маңында табылғаны және зорлық-зомбылық белгілері бар екені хабарланды. Тәртіп сақшылары баланы соңғы рет көрген 20 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.


"Аталған дерек бойынша "Адам өлтіру" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті кінәсін мойындады, ол Алтай ауданының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев.


Еске салайық, кеше түн ортасында полицияға жеті жастағы баланың аулада жоғалып кеткенін айтып, ата-анасы хабарласқан. Анасының айтуынша, бала әдеттегідей аулаға ойнауға шыққан, бірақ біраз уақыттан кейін жоғалып кеткен.