ШҚО-да әйелдер өртенген ғимараттың төртінші қабатынан секірмек болды

0
2 298

Өскеменде облыстық репродуктивті медицина орталығынан өрт шықты.


ШҚО-да әйелдер өртенген ғимараттың төртінші қабатынан секірмек болды

ERNUR.KZ. Өскемен қаласында Карл Либкнехт көшесі, 17 мекенжайында орналасқан облыстық репродуктивті медицина орталығынан өрт шықты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Куәгерлердің айтуынша, адамдар төртінші қабаттан секіріп түспек болған.

«Өрт сөндірушілер үш адамды құтқарды. Өрт төртінші қабаттағы шатырдан тұтанған», - делінген ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өрт болған жерден түсірілген видео мен фотосуреттер әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрлардан төрт қабатты репродуктивті медицина орталығының түтіндеп жатқаны көрсетілген. Екі әйел жоғарғы қабаттан секіріп кетпек болды. Өрт сөндірушілер шұғыл түрде өрт шыққан қабаттағы адамдарды эвакуациялауға кірісіп, үш адамды құтқарды.

Сағат 17:09-да өрт ауыздықталып, 17:55-те толық сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша өрт аумағы -200 шаршы метр. Өрт сөндіру жұмысына жеке құрамдағы 37 адам мен 12 арнайы көлік жұмылдырылды.