ШҚО-да иіс тиген 74 жастағы кейуана көз жұмды

0
231

2012, 2019 жылы туған балалар ауруханаға түсті.


ШҚО-да иіс тиген 74 жастағы кейуана көз жұмды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында иіс тиген 74 жастағы зейнеткер мерт болып, екі бала ауруханаға түсті, деп жазады ҚазАқпарат.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бірінші оқиға 24 қазан күні сағат 20:44-те Алтай қаласында болған.

Ауруханаға улану белгілерімен екі бала, атап айтқанда 2012 жылғы ұл мен 2019 жылы туған қыз түсті.

Жеке тұрғын үйді тексеру барысында департамент мамандары балаларға пеште жарық болуы салдарынан иіс тигенін анықтады.

«Екінші оқиға 25 қазанда Семей қаласында болған. Пеш мұржасының уақытылы тазаланбауынан иіс тиген 1947 жылғы әйел көз жұмды. Құтқарушылар осыған дейін бұл үйлерде қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмысын жүргізіп, бұзушылықтар туралы ескерткенімен олар еш назар аудармаған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, жылыту маусымы басталғалы бері өңір құтқарушылары 92 732 тұрғын үйді аралап, халыққа пеш пен электр құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.