ШҚО-да қар көшкіні қаупіне байланысты жол жабылды

0
633


ШҚО-да қар көшкіні қаупіне байланысты жол жабылды

ERNUR.KZ Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты жол жабылды, деп жазады BAQ.KZ.



Өңірдегі тасжолдардың бірін қар көшкіні жауып қалу қаупі бар.

“Республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының учаскесінде (Ушанов кенті мен Алтай қаласына дейінгі аралықта) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды. Сондықтан халықты алыс жолға шыққанда маршрутты алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментігің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға болады.

Айта кетейік, аталмыш жол учаскесі 1 күн бұрын да жабылған еді.