ШҚО-да қатты жел соғып, үйлердің шатыры ұшып кетті

0
842

Ауыл әкімі мен ауыл депутаты зардап шеккен отбасылармен жолығып, жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.​


ШҚО-да қатты жел соғып, үйлердің шатыры ұшып кетті

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Қаратал аулында дауыл соғып, үйлердің шатыры ұшып кетті, деп жазады Altaynews.

Оқиға кеше, 4 қыркүйекте шамамен 18:00-де болған.

Жойқын желдің салдарынан К.Рамазанов көшесіндегі жарық бағаналары майысып, жиырмаға жуық үйдің, лапастың шатырлары жұлынып, тағы бірнеше үйдің қоршаулары қираған. Құйын шатырларды түбімен жұлып, бірнеше метрге ұшырып жіберген. Адам шығыны жоқ.

Ауыл әкімі мен ауыл депутаты зардап шеккен отбасылармен жолығып, жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.