ШҚО-да коммуналдық желілердің 76 пайызы тозған

0
1 364

Әсіресе, электр желілерінің жағдай мүшкіл.


ШҚО-да коммуналдық желілердің 76 пайызы тозған

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында коммуналдық желілердің 76 пайызы тозған, деп жазады

Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті ШҚО бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңірде коммуналдық желілердің 76 пайызы тозған. Әсіресе, электр желілерінің жағдай мүшкіл.

«Электр желілерінің 97 пайызы, жылумен жабдықтау желілерінің 64 пайызы, сумен жабдықтау желілерінің 62 пайызы, кәріз желілерінің 81 пайызы тозып тұр. Бұл көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына тікелей әсер етеді», - дейді департамент басшысы Арман Мәлік.

Оның айтуынша, желілердің тозуын кем дегенде 15 пайызға азайту керек.