​ШҚО-да орман шаруашылығы аумағынан тағы өрт шықты

0
711

Шамамен 0,7 гектар аумақта қураған шөп өртенген.


​ШҚО-да орман шаруашылығы аумағынан тағы өрт шықты

фото: көрнекілік үшін

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы орман шаруашылығында тағы өрт шықты, деп жазады Almaty TV телеграм каналында.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жартасты жерде шамамен 0,7 гектар аумақта қураған шөп өртенген, қазіргі уақытта ашық жалын жоқ.
Дегенмен техника тікелей оқиға орнына жете алмауда, сондықтан таудың етегіне, яғни мүмкіндігінше өртке жақын келуге тырысып жатыр.
«Орманшылар мен өрт сөндірушілер тік беткейлерді жаяу еңсеріп, рюкзакты өрт сөндіргіштердің көмегімен отты қолмен сөндіруде. ШҚО әуе бөлімшесінің МИ-2 тікұшағымен оқиға орнына орманшылардың десанты жеткізілді. Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіруге орман шаруашылығы, ТЖД және жергілікті атқарушы органдардан 83 адам, 10 бірлік техника және ШҚО әуе бөлімшесінің 1 МИ-2 тікұшағы жұмылдырылуда», –делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.