ШҚО-да өзеннен ер адамның мәйіті табылды

0
397

Ер адам жартастан суға сүңгіп, тау өзенінің ағысына төтеп бере алмаған.


ШҚО-да өзеннен ер адамның мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы Таулы Үлбі ауылының маңында Үлбі өзенінен ер адамның мәйіті табылды, деп жазады zakon.kz.

Оқиға куәгерлері суға батып бара жатқан жігітті құтқармақ болған.

Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптама тағайындалған, қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам жартастан суға сүңгіп, тау өзенінің ағысына төтеп бере алмаған.